Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы (2023.08.07. берілген өзгерістермен)
Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII шешiмiмен күші жойылды
Шымкент қаласы мәслихатының 2023.14.06. № 4/37-VIII шешiмiмен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТI: Шымкент қаласы мәслихатының 2022.25.11. № 22/210-VII шешiмiмен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын. 2. Шымкент қаласы мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» туралы № 15/132-6с шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4070 тiркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2017 жыл 28 сәуірде жарияланды). 3. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|