Осы редакция 2019 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.13.03. № 185 бұйрығымен 4-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ЕРЕЖЕ
1. Көші-қон қызметі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты болады. 4. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі. 5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде түсуге құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Көмитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. 8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|