|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы № 400-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары 2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру 4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары 3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу 5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi 6-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату 4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару 7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары 8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы 9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру 10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы 11-бап. Тексеру комиссиясы (ревизор) 5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар 12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi 13-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысушының үлесiн сатып алу ерекшелiктерi 14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртiбi 15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары 16-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қосымша жарна сомаларын қайтару 6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі 17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі 18-бап. Алып тасталды 19-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi 20-1-бап. Алып тасталды 21-бап. Алып тасталды 22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi 7-тарау. Алып тасталды 8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) қосымша жарна - қатысушының кредиттiк cepiктecтiктiң мүлкiне берген ақша сомасы; 2) кредиттiк серiктестiк - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға; 3) кредиттiк комитет - кредиттiк cepiктecтiктiң өзiнiң кредит саясатын жүзеге асыратын бөлiмшесi; 4) мiндеттi салым - қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталына енгізуге жататын ақшасы; 5) 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде кредиттiк серiктестiктерге қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру 3-бап. Кредиттiк серiктестiк 1. Кредиттiк серiктестiктер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етедi. Кредиттiк серiктестiк оның мемлекеттік тiркелген кезiнен бастап құрылды деп есептеледi. 2. Кредиттiк серiктестiктiң атауында «кредиттiк серiктестiк» деген сөз болуға тиiс. Кредиттiк серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға кредиттiк серiктестiк деп атала алмайды. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерi енгiзген мiндеттi салымдар мен қосымша жарналардың құны шегіндегі кредиттiк серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындардың тәуекелiн өз мойнына алады. Егер кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, кредиттік серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Кредиттiк серiктестiк микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. 5. Кредиттiк серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады және оның қатысушыларының мiндеттi салымдары мен қосымша жарналарынан, кредиттiк серiктестiк алған кiрiстерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады. 6. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары 1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады. 2. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәлiметтерден басқа: 1) кредиттiк серiктестiкке кіру кезiнде төленуге тиiстi мiндеттi салымның ең төменгi мөлшерi; 2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндеттi салымды салу тәртібі мен шарттары; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) кредиттiк серiктестiктiң таза кiрiсiн, қатысушылар салған міндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып бөлу тәртібі болуға тиiс. 3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәлiметтерден басқа: 1) кредиттiк серiктестiктiң фирмалық атауы мен орналасқан жерi; 2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi; 3) кредиттiк серiктестiкке қатысу тәртібі мен шарттары; 4) кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарнаны салуы мен алып қоюының тәртібі, шарттары; 6) кредиттiк серiктестiк органдары туралы ережелер, шешiмдер қабылдау, соның iшiнде кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына қатысушылар және өкiл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын басым көпшiлiгi қажет болатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртібі; 7) кредиттiк серiктестiк органдарының арасындағы құзыреттi бөлу; 8) кредиттiк серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртібі; 9) кредиттiк серiктестiктiң жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; 10) кредиттiк серiктестiктiң резервтiк капиталын құру және пайдалану тәртібі болуға тиiс. 4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу 5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi 1. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары: 1) кредиттiк серiктестiк көрсететiн қызметтердi пайдалануға; 2) кредиттiк серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға; 3) кредиттiк серiктестiктiң органдарын сайлауға және оларға сайлануға; 4) осы Заңға және серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттiк серiктестiк қызметiнен кiрiс алуға; 5) осы Заңда және кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатуға; 6) серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен кредиттiк серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасымен танысуға құқылы. Кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың Қазақстан Республикасының 3aң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн. 2. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары: 1) құрылтай шартының және жарғының талаптарын сақтауға, кредиттiк серiктестiк органдарының шешiмдерiн орындауға; 2) кредиттiк серiктестiк органдарына өзiнiң қаржылық жағдайы туралы қатысушыларды кредиттеуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн жеткiлiктi болатындай дұрыс ақпарат беруге мiндеттi. Кредиттiк cepiктecтiккe қатысушылардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн. 6-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату 1. Кредиттiк серiктестiкке қатысу: 2) өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаларға иелiктен айырып берген; 3) кредиттiк серiктестiктiң талап етуi бойынша кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қатарынан шығып қалған; 4) кредиттiк серiктестiк қызметi тоқтатылған; 5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады. 2. Кредиттiк серiктестiктен өз еркiмен шығу туралы өтiнiш кредиттiк серiктестiк басқармасының қарауына берiлуге тиiс, басқарма өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына енгізуге мiндеттi. Кредиттiк cepiктecтiккe қатысу осы Заңда көзделген тәртiппен қатысушының кредиттiк серiктестiк алдында қабылдаған мүлiктiк мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн оның өз еркiмен шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкiн. 3. Кредиттiк серiктестiкке қатысушы Қазақстан Республикасының заң актілерінде, кредиттiк серiктестiктiң құрылтай және өзге де құжаттарында белгiленген өз мiндеттерiн бұзған, кредиттiк серiктестiктiң алдында өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, сондай-ақ кредиттiк серiктестiкке зиян келтiрген жағдайда, серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес ондай қатысушының үлесiн сот арқылы мәжбүрлеп сатып алуды және оның қатысушылар қатарынан шығуын талап етуге құқылы. 4. Кредиттiк серiктестiкке қатысушы үлесiнiң мәжбүрлеп сатып алынуы және шығып қалғаны туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасай алады. 4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару 7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары 1. Кредиттiк серiктестiктiң органдары: 1) жоғары орган - кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы; 3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор) болып табылады. 2. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында байқаушы органдар (байқаушы кeңec) құру көзделуi мүмкiн. 8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы 1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделедi. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Жыл сайынғы жиналыстан басқа, кредиттiк серiктестiк басқармасының немесе кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде жиырма бес процентiнiң бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін. Жалпы жиналыс кредиттiк серiктестiктiң жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне және осы Заңға сәйкес шешiмдер қабылдайды, басқарма шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе оны бекiтедi. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделеді. Егер кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері жарғыда көзделмеген болса, онда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы ашылғанға дейін кемінде он жұмыс күнінен кешіктірілмей, кредиттік серіктестіктің жарғысында көрсетілген мерзімді баспасөз басылымында немесе кредиттік серіктестіктің интернет-ресурсында жариялануға, тапсырысты хатпен, табыс етілгені туралы хабарламасы бар жеделхатпен, телефонограммамен, ұялы байланыс арналары бойынша қысқа мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілуге тиіс. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Кредиттік серіктестік қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде көзделген мәселелерден басқа: 1) серіктестіктің, нәтижесінде құны серіктестік активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мүлікті серіктестік сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәміле немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы; 2) серіктестіктің міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан астам процентін құрайтын сомаға ұлғайту туралы; 3) кредиттік серіктестік қызметінің бағыты туралы; 4) кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы; 5) кредиттік серіктестіктің басқарма мүшесінің, тексеру комиссиясы мүшелерінің (ревизордың) және басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы; 6) қатысушылардың қосымша жарна салу және алып қою тәртібін белгілеу туралы; 7) кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі туралы; 8) қатысушылардың кредиттік серіктестікке қабылдану және одан шығу тәртібі туралы; 9) шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есепті бекіту туралы; 10) есеп жүргізу саясатын қалыптастыру туралы; 11) жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы; 12) өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру 1. Жалпы жиналыс, егер оған кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi қатысса, заңды деп танылады. Күн тәртібіне енгiзiлген мәселе жөніндегі шешiм қатысушылардың айқын басым көпшiлiгiмен немесе бiрауыздан қабылдануға тиiс болатын жағдайда, егер оған барлық қатысушылардың кемiнде үштен eкici қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы. 2. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Жалпы жиналыста шешiмдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 4. Жалпы жиналыста жарғыны бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер кредиттiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi айқын басым көпшiлiгi даусымен қабылданады. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Кворум болмаған жағдайда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы қайтадан шақырылады. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылатын жалпы жиналысын өткізу күнін кредиттік серіктестіктің басқармасы белгілейді. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайдарды қоспағанда, егер оған кредиттік серіктестікке қатысушылардың кез келген саны тіркелсе, заңды болып табылады.
10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы 1. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы қатысушылардың жалпы жиналысында сайланады және кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы алдында өз қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайын есеп бередi. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Кредиттiк серiктестiк басқармасының өкiлеттiктерi мыналарды: 1) кредиттiк серiктестiк қызметiнiң iшкi ережелерiн қабылдау туралы және оларды кейiннен өзгерту туралы ұсыныстар әзiрлеудi; 2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына кредиттiк және инвестициялық саясатқа қатысты ұсыныстар әзiрлеудi және енгізудi, кредиттiк серiктестiктiң iшкi кредит саясаты және кредит комитетi туралы ережелер әзiрлеудi; 3) шығыстар мен кiрiстердiң жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есептi әзiрлеудi және табыс етудi; 4) жылдық қаржылық есептiлiктi әзiрлеудi және табыс етудi; 5) қызметкерлер үшiн еңбекақы мөлшерiн белгiлеудi; 6) кредиттiк серiктестiкке қатысушыларды қабылдау және одан шығу жөніндегі мәселелер бойынша құжаттар әзiрлеудi және оларды кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына шығаруды; 7) кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне байланысты және кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретiне кiрмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруды қамтиды. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы кредиттік сертіктестіктің басқармасына кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының мынадай айрықша құзыреттерін бере алады: кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау (шығару); кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдауға (шығаруға) байланысты кредиттік серіктестіктің жарғысын өзгерту немесе оны жаңа редакцияда бекіту. 3. Басқарма жеке-дара орган бола алмайды және оның мүшелерiнiң саны тақ, бiрақ үштен кем емес болуға тиiс. Басқарманы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы сайлайтын төраға басқарады. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының шешiмi бойынша басқарманың төрағасы және (немесе) мүшелерi кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары болып табылмайтын адамдардан сайлануы мүмкiн. Бұл жағдайда басқарманың құрамында кредиттiк серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушылары болуға тиiс. 4. Басқарманың отырысы қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Егер отырысқа басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, ол өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселелердi шешуге құқылы. Шешiм отырысқа қатысушы басқарма мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. 11-бап. Тексеру комиссиясы (ревизор) Кредиттiк серiктестiктiң тексеру комиссиясы (ревизоры) болуға тиiс. Төраға және кредиттiк серiктестiк басқармасының, кредиттiк комитеттiң мүшелерi, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды. Тексеру комиссиясының (ревизордың) өкiлеттiктерiне, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген мәселелерден басқа, мыналар кiредi: 1) мерзiмдiк жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер өткізу арқылы кредиттiк серiктестiк, оның органдары мен лауазымды адамдары жасайтын iс-әрекеттер мен операциялардың Қазақстан Республикасы заңдарының және кредиттік серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестiгiн анықтау; 2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына және басқармаға кредиттiк серiктестiктiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсынымдар беру. 5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар
12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртібі 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Кредиттiк серiктестiкке кіру үшiн қатысушы мiндеттi салымның ең аз мөлшерiн салады. Ұлттық валюта ақшасымен құралатын және төленетiн кредиттiк серiктестiктiң бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың мiндеттi салымдарының сомасына тең. Әрбiр қатысушының мiндеттi салымының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы жалпы сомаға қатынасы қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесi болып табылады. 2. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Кредиттiк cepiктecтiктiң қатысушысына ақша салу кезiнде кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақша салғанын растайтын құжат берiледi. Қатысушының кредиттiк серiктестiкке одан кейiнгi ақша салуы және оның қатысушыға ақшаны қайтаруы жоғарыда аталған құжатта тiркелуге тиiс. 13-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысушының үлесiн сатып алу ерекшелiктерi 1. Қатысушы кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде, кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген, бiрақ қатысушы шешiм қабылдаған күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзiмде, серiктестiк осы қатысушының келісімiмен кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы оның үлесiн сатып алуға құқылы. 2. Қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiн осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алу, егер кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату қатысушылардың ең аз санынан кемуiне немесе кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерден азаюына әкеп соқпаған жағдайда жүзеге асырылады. 14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртібі 1. Егер кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттарында және осы Заңда өзгеше көзделмесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына сатуына, егер ол кредиттiк серiктестiкке қатысушылар санының осы Заңда көзделген аз мөлшерден кемiп кетуiне әкеп соқпайтын болса, жол берiледi. 3. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына не үшiншi тұлғаларға сату мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өз үлесiн сатқысы келетiн қатысушы кредиттiк серiктестiкке осы үлестi сатып алу талабын қоюға құқылы. Кредиттiк серiктестiк үлестi сатып алған жағдайда үлестiң бағасы тараптардың келісімiмен, ал келісімге келе алмаған жағдайда сот арқылы анықталады. 4. Қатысушының үлесiн сатып алғаннан кейiн кредиттiк серiктестiк басқа қатысушыларға осы үлестi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Кредиттiк серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмi бойынша бұл үлестi серiктестiктiң атынан үшiншi тұлғаларға сатуға құқылы. 5. Кредиттiк серiктестiк шығып кеткен қатысушыдан сатып алған үлестi қатысушылар не үшiншi тұлғалар сатып алынған күннен бастап алты ай iшiнде сатып алуға ниет бiлдiрмеген жағдайда, үлес кредиттiк серiктестiк жарғылық капиталының тиiсiнше азаюы арқылы өтеледi және жарғылық капитал ең төменгi деңгейден азайған жағдайда кредиттiк серiктестiк осы Заңда көзделген негiздер бойынша таратылуға жатады. 6. Егер құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының осы бапта көзделген тәртiппен өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады. 15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген жағдайда, қатысушы кредиттік cepіктeстіктің мүлкіне қосымша жарналары шектеусіз салуға құқылы. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарналары оның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгертпейдi. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 16-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қосымша жарна сомаларын қайтару Жарғыда көзделген жағдайларда, сондай-ақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату кезiнде қатысушыға тараптардың келiсуiмен белгiленген немесе кредиттiк серiктестiктiң жарғысында көзделген, бiрақ кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзiмде қосымша жарнаның сомасы қайтарылады. Мұндай жағдайда кредиттiк серiктестiк алдында мiндеттемелерi бар қатысушыға оның кредиттiк серiктестiк алдында бар мiндеттемелерi шегерiле отырып төлем жасалады. 6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Кредиттік серіктестіктердің «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады. 2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелердің, кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ереженің және кредиттік серіктестіктің жоғары органы - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады. 3. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерде: 1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері; 2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары; 3) қатысушыларға операциялар жүргізу үшін шекті ставкалар мен тарифтер; 4) кредиттік серіктестіктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі; 5) кредиттік серіктестік қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; 6) өзге де шарттар болуға тиіс. 4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде: 1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері; 2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері; 3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс. 5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде: 1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері; 2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі; 3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі; 4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдары 2-тарау. Кредиттік серіктестіктерді құру3-тарау. Кредиттік серіктестікке қатысу5-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi6-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтату 4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары8-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы11-бап. Тексеру комиссиясы (ревизор) 5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi13-бап. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы қатысушының үлесiн сатып алу ерекшелiктерi14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртiбi15-бап. Қатысушылардың қосымша жарналары16-бап. Кредиттiк серiктестiкке қатысуды тоқтатқан жағдайда қосымша жарна сомаларын қайтару 6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі18-бап.19-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң бiрлестiктерi20-бап. Кредиттеу тәртiбi20-1-бап.21-бап.22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi 7-тарау.8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |