«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 239-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың «пайда-тәуекел» арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде, сондай-ақ медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;»; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|