Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2019 жылғы 27 қарашадағы № КГД-07-1-36018-27509 Хаты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы 8 қарашадағы № 15-03-10/6270-И хатты қарастырып, келесіні хабарлайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 196-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ лизинг нысанасын қайталама лизингке не қосалқы лизингке беру қаржы лизингі болып табылады. Салық кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес лизинг алушының лизинг шарты негізінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады. Салықтық есепке алу мақсаты үшін лизинг алушы лизинг нысанасын сатып алушы ретінде қаралады. Лизинг шарты негізінде айқындалатын лизинг нысанасының құны лизинг нысанасы берілетін (алынатын) құн болып табылады. Егер лизинг шартында лизинг нысанасы берілетін (алуға жататын) құн жеке бөлініп көрсетілмесе, онда қосылған құн салығын қоспағанда, көрсетілген құн лизингтің бүкiл кезеңінде төлеуге жататын барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады. Салықтық есепке алу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лизинг шартына сәйкес келмейтін мүліктік жалдау шарты бойынша мүлікті беру қызметтерді көрсету ретінде, ал қосылған құн салығын қоспағанда, төлеуге жататын жалға беру төлемдері, тиісінше, көрсетілген қызметтер үшін төлемақы ретінде қаралады. Салық кодексінің 197-бабының 1-тармағына сәйкес Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 398-бабын, 427-бабының 6-тармағын және 428-бабының 6-тармағын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген шарттарға сәйкес келуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|