Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті (2020.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармағына сәйкес әзірленді және мыналарға: 1) оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына; 2) тәрбиленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне; 3) тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне; 4) оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.05.05. № 182 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады: 1) ата-аналар дағдылары - баланың дене, зияткерлік және эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, тиісті мінез-құлықты қалыптастыру үшін қажетті дағдылар; 2) әлеуметтендіру - қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білім, білік, дағдыларды, нормаларды, қағидаларды меңгеру арқылы баланың әлеуметтік ортаға ену процесі; 3) әлеуметтік дағдылар - бала мектепке дейінгі жаста меңгеретін өзара әлеуметтік әрекеттің әдістері мен тәсілдері; 4) интеграция - мазмұнның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы байланысты орнататын процесс; 5) ерте дамыту - баланы туғаннан бастап үш жасқа дейін дене, зияткерлік және эмоционалдық дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; 6) заттық-кеңістіктік дамытушы орта - мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|