«Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссияларды құру туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссияларды құру туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 82 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен құрылған Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссиялардың құрамы, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықтың 2-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) 2019 жылғы 1-8 сәуір аралығында өткізілетін информатика, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына арналған оқу әдебиеттері, оқытуы ұйғыр, өзбек және тәжік тілдеріндегі білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері, кәсіпкерлік пен бизнес негіздері бойынша пәндік комиссиялардан басқа, Пәндік комиссиялардың отырысы Астана қаласында 2019 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткізілсін;». 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|