Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2016.03.08. № 627 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің м.а. 2016.03.08. № 627 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11096 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы шешімі, комиссияның аттестатталмағаны туралы шешімі немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту. Комиссияның шешімі қағаз тасымалдағышта не электронды нысанда жүзеге асырылады. Комиссияның аттестаттаудан өткенi не өтпегенi туралы шешiмi Стандарттың 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей берiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|