Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2021.24.02. берілген өзгерістермен)
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Мына: 1) «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 271 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17752 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 82 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18823 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|