Осы редакция 2017 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына 5-қосымша
«Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандарты
1. Осы зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның негізінде халықаралық бағалау стандарттарын пайдаланумен әзірленген және зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтерді бағалау әдістеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтердің барлық түрін бағалау үшін міндетті. 2. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) алу (экстракция) - жанама салыстыру әдісі. Ол материалдық және материалдық емес активтердің рентабельділігінің орташа салалық көрсеткіштері бар кәсіпорынның нақты рентабельділігін талдау арқылы материалдық емес активтердің есептік құнын береді; 2) бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы - бағалаушының бағалаудың түрлі амалдары мен әдістерін пайдалану кезінде бағалау объектісінің құнын есептеу нәтижелерін негіздеп жалпылау қорытындысы ретінде алынған бағалау объектісі құнының шамасы; 3) біріктірілген төлем - роялти мен тұтас төлемді қамтитын лицензиялық төлем; 4) дисконттау (капиталдандыру) - болашақтағы ақша ағындарын бағалау объектісінің ағымдағы құнына қайта есептеу; 5) дисконттау ставкасы - болашақта төлеуге немесе алуға жататын ақша сомасын бүгінгі құнға айырбастау үшін пайдаланылатын, зияткерлік меншік объектілерінің құнын бағалау кезінде пайдаланылатын кіріс ставкасы; 6) зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олар орындайтын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және тағы басқа) дараландыру құралдары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|