Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) ведомстволық тұрғын үй қоры - мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғынжай комиссиясының шешімі бойынша ротация тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде түру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар.»; 6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6-1. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар, осы Қағидалардың 6-2 және 6-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы мекеменің осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерінің пайдалануына беріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|