Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 216/НҚ бұйрығына 1-қосымша
«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару» кәсіптік стандарты
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару» кәсіптік стандарты Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға жұмыскер дайындығының, оның білімі, машықтары және дағдыларының дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын жұмыскердің даярлық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптардың жиынтығы. Біліктілік деңгейі ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері дескрипторларының деңгейіне және мазмұнына сәйкес келеді; 3) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы; 4) еңбек функциясы - еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан іс-қимылдар жиынтығы; 5) еңбекті ғылыми ұйымдастыру - еңбекті ұйымдастыру саласында ғылыми және практикалық жетістіктерге негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі; 6) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау - ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|