Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына 2-қосымша
Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi - аумақтық әдiлет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады. Комиссия жетi мүшеден - екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады. Комиссияның құрамына қосу үшiн нотариустардың кандидатураларын аумақтық әдiлет органына нотариаттық палата ұсынады. Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады. Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|