Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2020.08.09. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкте жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында: 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі - ұйым) емтихан тапсыру үшін, уәкілетті органға не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес үлгіде Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруға өтініш ұсынады.»; 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12. Емтиханды алғаш рет тапсырған тұлғаларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі. 13. Емтихан тапсыру қорытындылары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|