|
|
|
Жүктердi, жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiржол көлiгiмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң темiржол көлiгiмен тасымалдаудағы бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1994 жылғы 5 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынастағы жүк тасымалдауға арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 1,16 /қосымша құн салығын есептемегенде/ болып; 1994 жылғы 15 қаңтардан бастап жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға /қала маңындағы қатынастан басқасы/ арналып қолданылып жүрген тарифтерге шектi көтерiңкi коэффициент 2,5 /қосымша құн салығын есептегенде/ болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |