|
|
|
1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын атқару мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсенов: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысының орындалу барысы туралы, оның iшiнде коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы апта сайын дүйсенбi күндерi жазбаша түрде баяндап тұрсын; тиiстi есеп берудiң нысанын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiскен соң оны бекiтсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрi В.В.Храпунов, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке тиiсiнше республика және Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату барысы туралы олардың бекітілген нысаны бойынша күн сайын жазбаша хабарлап отырсын. 3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктеймiн. Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |