|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім мамандықтарының Тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1335 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн орта және жоғары кәсiптiк білім мамандықтарының тiзбесi мынадай мазмұнда жазылсын: «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім мамандықтарының тiзбесi 1. Кәсiптiк орта білім мамандықтары: 0202 - Құқық қорғау қызметi; 1701 - Өрт қауiпсiздiгi; 2. Кәсiптiк жоғары білім беру мамандықтары: 0205 - Халықаралық қатынастар; 0211 - «Жедел-криминалистикалық»; «Тергеу-криминалистикалық»; «Қылмыстық-атқару» мамандықтары бойынша құқық тану. 0714 - Халықаралық экономикалық қатынастар; 1104 - Ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар; 1701 - Өрт қауiпсiздiгi; 1705 - Төтенше жағдайларда қорғану; 2203 - Атом электр станциялары мен қондырғылары; 3201 - Қолданбалы геодезия; 3204 - Картография; 3706 - Ақпараттарды қорғау және оның қауіпсіздігі; 3909 - Ядролық-химиялық технология». 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |