|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім мамандықтарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Кәсіптік орта білім мамандықтары: 0202002 - Құқық қорғау қызметі; 1701002 - Өрт қауіпсіздігі. 2. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары: 011100 - Картография; 021600 - Құқықтану мамандандырулары бойынша: "Жедел - криминалистикалық", "Тергеу - криминалистикалық", "Қылмыстық - атқарушылық"; 110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар; 320100 - Қолданбалы геодезия; 320200 - Аэрофотогеодезия; 370300 - Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы; 390900 - Ядролық-химиялық технология; 430700 - Жылу және атом электр станцияларын салу". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |