|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөніндегі қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 44, 474-құжат): 1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын" деген сөздер алынып тасталсын; "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 20, 177-құжат): 1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |