|
|
|
Мұнай бағасын ырықтандыру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Тұрақты жұмысты қамтамасыз ету, бәсекелестiктi дамыту және республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына бiрдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Республиканың мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындарына 1994 жылғы 20 желтоқсаннан бастап мұнайды /газ конденсатын/ мұнай өңдеу кәсiпорындарына еркiн баға бойынша сатуға рұқсат етiлсiн. 2 Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 26.09.1995 № 1283 қаулысымен. 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Энергия ресурстарын бағаны ырықтандыру және кейбір қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 288 қаулысының 1 және 2-тармақтары /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,№ 15, 145-бап/; "Оңқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайдың бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы № 507 қаулысы; Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 7 желтоқсандағы № 561 өкімі. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |