|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 4-тармақтың екiншi абзацы: "Қызмет көрсетушi банкiлерi мен түпкi заемшылар тарапынан көрсетiлген қаржылардың республика бюджетiне сөзсiз, толық қайтарылуын ескерiп" деген сөздермен басталып, одан әрi мәтiн бойынша баяндалсын. 5-тармақ "екi апта мерзiм iшiнде" сөздерiнен кейiн "қызмет көрсетушi банкiлер немесе түпкi заемшылар тарапынан кепiлдi мiндеттеме берiлетiн тетiктi" анықтасын деген редакцияда баяндалсын. 7-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "7. Займ қаржысын түпкi заемшылардың пайдалану процедурасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі анықтайтын лизинг негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн деп белгiленсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |