|
|
|
Темір жол қызметiне арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 56 қаулысын орындау үшiн /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 3, 17-бап/ Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темір жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн. Республикаiшiлiк қатынастардағы темір жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер: I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке; II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке; III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке; IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке; Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |