|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы (2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi 2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары 3-бап. Елдi мекендердiң санаттары 4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы 6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар 7-бап. Ономастика комиссиялары 8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктердi есепке алу мен тiркеу, оларды есептi деректерден шығару 9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті 11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi 12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi 13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi 14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері 14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі 4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «поселке», «поселкелер», «поселкелерге», «поселкелері», «поселкелерді», «поселкелердің» деген сөздер тиісінше «кент», «кенттер», «кенттерге», «кенттері», «кенттерді», «кенттердің» деген сөздермен ауыстырылды және бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)», «ауылдарға (селоларға)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдық», «ауылдардың», «ауылдарды», «ауылдар», «ауылдарға» деген сөздермен ауыстырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара)
1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
2004 ж. 11 мамырдағы № 552-II ҚР Заңымен; 2006.04.11 № 184-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара); 2020.12.12. № 383-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары 1. Қазақстан Республикасының аумағы республикалық және жергiлiктi мүдделерді оңтайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру үшін негiзгi екi санатқа - өңірлерге және елдi мекендерге бөлiнедi. 2. Өңір - Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады. Облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады. Аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұрады. Ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұрады. 3. Елдi мекен - Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi. 4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi: 1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер қалалық елдi мекендерге жатады; 2) өздерінің әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, барлық басқа елдi мекендер ауылдық елді мекендерге жатады. 5. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады. Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауға тиіс.
2006.04.11 № 184-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Елдi мекендердiң санаттары Елдi мекендер мыналарға бөлінеді: 1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады; 2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады; 3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады; 4) кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады. Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады; 5) ауылдар - халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 4- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру, тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайтын органдар Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру және тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттіктері шегінде Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атаулар беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады. ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-бап. Ономастика комиссиялары Ономастика комиссиялары Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында құрылады. Уәкілетті органның жанынан Республикалық ономастика комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.
2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi есепке алу мен тiркеу, оларды есептi деректерден шығару Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады. Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады. Қалалардың, кенттердiң немесе ауылдардың құрамына енгiзiлген және олардың бiр бөлiгіне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады. 2-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен 9-бап жаңа редакцияда; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып: 1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi; 2) 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi; 4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының таркскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi; 2020.12.12. № 383-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен ; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту туралы ұсынулар енгiзедi; 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгiлейді және өзгертеді; 2) Қазақстан Республикасының Президентiне елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi; 2020.12.12. № 383-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді; 3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру қағидаларын бекітеді; 4) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекеттік меншіктің басқа да объектілеріне атау беру туралы шешім қабылдайды; 5) 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 6) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
3-бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIКТЕРI
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi Облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және көшiру туралы, елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызады; кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi; 2020.12.12. № 383-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді; 4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді; 4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады. 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді 12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен: 1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi; 2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер немесе ауылдар категорияларына жатқызу туралы; кенттерді немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi; 3) кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; 4) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi. 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен бап 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді; 6) 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елді мекендердi есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады. ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен; 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен: 1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қалардың, астананың өкiлдi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметіне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiнде олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгізу туралы ұсыныстар енгiзедi; 3) қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; 4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары: тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді; Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары: кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді; облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары3-бап. Елдi мекендердiң санаттары4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы5-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру, тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайтын органдар6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар7-бап. Ономастика комиссиялары8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктердi есепке алу мен тiркеу, оларды есептi деректерден шығару 2-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті 3-бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIКТЕРI11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі 4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР |