|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Жылуды, ыстық суды және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 қаулысын орындау үшiн: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аталған қаулысын жүзеге асыру үшiн облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне дербес жауапкершiлiк жүктелсiн. 2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне 1997 жылдың 27 маусымынан бастап апта сайын оның орындалуы жөнiнде мониторинг ұйымдастырсын және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiне тұрғын үй қорларына орнатылған коммуналдық қызмет көрсету құралдарының есептеу саны туралы ақпарат ұсынсын (нысаны қоса берiлiп отыр). 3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі ұсынылған ақпарат мазмұнына сүйене отырып, жүргiзiлген жұмыстардың дұрыстығына тексеру жүргiзсiн. 4. Коммуналдық қызметтерге құралдық есептеудi енгiзудiң мониторингiн жүзеге асырушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жедел есеп берудiң бұрын белгiленген нысанын қоса берiлiп отырған нысанға сәйкес келтiрсiн. 5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының энергетика және табиғи ресурстар министрi Д.Т.Дүйсеновке, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 1 шiлдедегi № 204 өкіміне қосымша Тұрғын үй қорының 1997 жылдың "__" ____________ коммуналдық қызметтердi есептеу құралдарымен жабдықталуы ____________________________________________________________________ |Қажет.| Орнатылғаны |_____айының кестесi |тілік | | бойынша |(бiр. |____________________|______________________ |лiк) |Бар. |қажет.|оның |жос. |iс |Ауытқушылық | |лығы |тілік.|iшiнде |пар |жүз.|___________ | |(бiр.|тiң % |(бiр. |(бiр.|iнде|саны| % | |лiк) | |лiк) |лiк) |(бiр| | | | | | | |лiк)| | ____________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 ____________________________________________________________________ 1. Газ есептегiш. терi - барлығы, оның iшiнде жалпыүйлiк жеке (пәтер және жеке меншiк секторы) 2. Жылу есептегiш. терi барлығы оның iшiнде жалпыүйлiк жеке 3. Ыстық су есеп. тегiштерi барлығы оның iшiнде жалпыүйлiк жеке 4. Суық су есеп. тегiштерi барлығы оның iшiнде жалпыүйлiк жеке ___________________________________________________________________ Ескерту. 5-баған жыл iшiндегi өсу нәтижесiмен, 7-баған есептi айдағы өсу нәтижесiмен толтырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |