|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығымен күші жойылды Бухгалтерлiк есепке алудың 2 стандарты 1. Қаржы есептемесi бухгалтерлiк баланстан, қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, оларға берiлген түсiнiктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан, кестелер мен диаграммалардан тұрады. 2. Қаржы есептемесiнiң мақсаты пайдаланушыларды ұйымның* қаржы жағдайы, оның қызметi және есептi кезеңдегi оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 3. Стандарт қаржы есептеріндегі активтердiң, меншiктi капитал мен мiндеттемелердiң мәнiсi мен көрсетiлуiн айқындайды да, оларға баға берудiң негiзiн қарастырмайды. Стандарт қаржы есептемелерiн тапсыру кезiнде ашылуға тиiстi ақпаратқа қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл талаптар бухгалтерлiк есептiк өзiндiк ерекшелiктерi бар мәселелерiн қамтитын бухгалтерлiк есептiк басқа стандарттарына енгiзiлген ашылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес толықтырылуы мүмкiн. 4. Қаржы есептерiнiң ашылымы пайдаланушыларға өздерiнiң көрсеткiштерiн дұрыс бағалап, негiзделген экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажет. 5. Министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісім бойынша өз жүйесiнiң заңды тұлғалары үшiн үлгi нысандарға қосымша қаржы есептерiнiң мамандандырылған нысандарын белгiлей алады. 6. Заңды тұлғалар (Банктер мен бюджеттік мекемелерден басқалары) қаржы есебiн әзiрлеу және ашу кезiнде осы стандарттың талаптарын орындауы тиiс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |