Қазақстан Республикасының кредиттік серіктестіктеріне арналған ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 04.07.03 ж. № 223 Қаулысымен күші жойылды Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы № 256 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктерiне арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын. 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|