|
|
|
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөніндегі комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) тақырыбы өзгертілді Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберуге, оларға қатысты тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдарында оң емдеу нәтижесi алынбаған емдеудiң барлық қолдануға рұқсат етiлген әдiстерi пайдаланылған, ал шетелдiк медициналық ұйымдарда оларға Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа мамандандырылған медициналық әдiстер қолданылуы мүмкiн уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi азаматтар жатады. 2. Қазақстан Республикасының, азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын және "Науқас адамдарды шетелде емдеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының әкiмшiсi болып табылатын, уәкiлеттi орталық органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады. 3. Комиссия өз қызметiн, осы Ереже мен уәкiлеттi орган бекiткен, Республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссия азаматтардың өтiнiштерiн мынадай құжаттардың: 1) аумақтық денсаулық сақтау органының шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеуге жiберу туралы өтiнiшiнiң; 2) республикалық мамандандырылған медициналық ұйымдардың қорытындысының; 3) негiзгi және қосымша ауруларды, диагностикалық зерттеулердiң нәтижелерiн, жүргiзiлген емдеу курсын көрсету арқылы ауру тарихынан егжей-тегжейлi көшiрменiң; 4) денсаулық сақтаудың жергiлiктi аумақтық органдарының бас бейiндiк мамандары қорытындысының; 5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының негiзiнде қарайды. Егер жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса, комиссия құжаттарды қарауға қабылдамайды. 5. Комиссияға құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде екi данада ұсынылады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негiзiнде комиссия республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң орындылығын құжаттар түскен күннен бастап 7 күннiң iшiнде анықтайды. Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Комиссия өзiнiң шығарған шешiмi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабар бередi. Хабар мен комиссия қорытындысының үлгiлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен 8, 9, 10 тармақтар алынып тасталды 8. Комиссия оң шешiм қабылдаған жағдайда осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген медициналық құжаттар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне берiледi. 9. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі комиссия ұсынған құжаттарға сәйкес шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеудiң мүмкiндiгi, мерзiмдерi, құны туралы, азаматты шақырудан немесе оған қажеттi ем жасаудан бас тарту, сондай-ақ шетелдiк медициналық ұйымдардың банктiк деректемелерi туралы сұрау салады. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі құжаттар түскен күннен бастап 30 күннiң iшiнде ақпараттар жинауды жүргiзедi. 10. Комиссия Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінен алынған ақпараттарды емдеудiң құнын, мерзiмдерiн және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудiң деңгейiн ескере отырып, шетелдiк медициналық ұйымды таңдау үшiн үш күннiң iшiнде қарайды және белгiленген үлгiдегi қорытындыны ресiмдейдi. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 11-тармақ жаңа редакцияда 11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 12-тармақ жаңа редакцияда 12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар: 1) комиссияның қорытындысын; 2) шарттың көшiрмесiн ұсынады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды 13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі уәкiлеттi органға ұсынылған құжаттардың негiзiнде науқасты шетелдiк медициналық ұйымда емдеу үшiн ақшалай қаражат бөледi. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Комиссия ақшалай қаражат бөлгеннен кейiн азаматқа үш жұмыс күнiнiң iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда емдеуге қабылданған шешiм туралы және заңдарда белгiленген тәртiппен шетелге шығуға рұқсатты ресiмдеу қажеттiгi түралы жазбаша хабарлайды. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен 15-тармақ алынып тасталды 15. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен оның облыстық, республикалық бағыныстағы қалалық органдары комиссия шешiмiне сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен өтiнiш берiлген күннен бастап 10 күннiң iшiнде науқас пен оны алып жүретiн адамның шетелге шығуына рұқсатты ресiмдейдi. 16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі шетелге емделуге жiберiлген республика азаматтарының баруға және келуге арналған визалық құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетедi. 17. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлген ақшалай қаражатты конвертациялайды және оны шетелдiк медициналық ұйымға аударады. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді 18. Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды: 1) жүргiзiлген емдеудiң құнын растайтын құжаттарды; 2) шетелдiк медициналық ұйымның науқасты емдеудiң онан арғы тактикасы жөніндегі ұсынымымен бiрге ауру тарихынан көшiрменi; 3) егер емделуге жол жүрудi қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын болса, жол жүру құжаттарын ұсынады. Науқас қайтыс болған жағдайда, оны алып жүрген адам немесе жақын туыстары болмаған кезде, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жiбередi. ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1206 қаулысымен (бұрынғы ред. қара) 19-тармақ жаңа редакцияда 19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |