Өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-дағы "Этил спирті және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналысын мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес Бұйырамын: 1. Мыналардың өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес белгіленсін: 1) этил спиртінің; 2) арақтардың, ерекше арақтардың және ликер-арақ өнімдерінің; 3) шарап жасау өнімдерінің; 4) сыраның. 2. Комитеттің аумақтық басқармалары: 1) өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет тиісті мәліметтерді лицензиаттарға жеткізсін; 2) Лицензиаттардың өндіріс төлқұжаттарын дайындауына бақылау жасауды жүзеге асырсын және оларды 2001 жылғы қаңтардың 01-дегі мерзімге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольды өнімді өндіру және оның айналымына бақылау жасау жөніндегі Комитетке ұсынсын. 3. Комитеттің нормативтік реттеу бөлімі (А.Лепесбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін жүргізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Ғ.Толқымбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Төраға
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|