|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау және ішкі сату кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1 және 2-тармақтарда: "министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы" деген сөздер "министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "Мал дәрігері комитетінің шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалау бас басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |