|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақта «сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде: «қоғамдық, кәсіби жағынан танылған» деген сөздер алынып тасталсын; «беріледі.»деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.»; екінші абзацта: «жұмысты» деген сөз «кандидатураны» деген сөзбен ауыстырылсын; «, сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтың бірінші абзацында: «Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды», «сараптау және» деген сөздер алынып тасталсын; «қабылдау» деген сөздің алдында «Конкурстық құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын; «сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады. Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады.»; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «Ғылым» атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі.»; «қатысатын жұмыстар» деген сөздер «қатысушы кандидаттардың қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; «көпшілік алдында көрсетілуі және» деген сөздер алынып тасталсын; 9-тармақтағы «басқа да жұмыстарымен» деген сөздер «қызметімен» деген сөзбен ауыстырылсын; 12-тармақтағы «өзара» деген сөз «олардың мүшелері арасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде: тақырыбында «сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.»; 2-тармақтың үшінші абзацындағы «25» деген сан «17» деген санмен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «жұмыстарды» деген сөз «кандидатуралардың конкурстық құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта: «жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын; «авторлар мен» деген сөздер алынып тасталсын; төртінші абзацта: «жұмыстардың» деген сөз «кандидатуралардың қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын; «жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын; «үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы «жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «жұмысы» деген сөз «кандидатурасы» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі № 1074 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен құрамның күші жойылды (бұр. ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |