|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысымен күші жойылды
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу процесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 117-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсiн: 1) тақырыбы және 1-тармақ "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын; 2) кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: "Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:"; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесінде: тақырыбы "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: "азаматтар" деген сөздiң алдынан "уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы "мамандандырылған" деген сөздiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "қорытындысының" деген сөзден кейiн ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының"; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады."; 8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар: 1) комиссияның қорытындысын; 2) шарттың көшiрмесiн ұсынады."; 14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын; 18-тармақтың бiрiншi абзацының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: "Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:"; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |