|
|
|
"Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттік комитеттер", "мемлекеттік комитеттерге", "мемлекеттік комитеттердiң", "мемлекеттік комитеттердi" деген сөздер алып тасталсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "өрт қауiпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi;"; сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлер тiзбесiн белгiлейдi;"; тоғызыншы абзац алып тасталсын; 3) 6-баптың екiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі салалық бағдарламаны әзiрлейдi;"; төртiншi бөлiктiң он екiншi абзацы алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен"; тоғызыншы бөлiгіндегі "басқармаларының" деген сөз "бөлiмшелерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын; оныншы - он бесiншi бөлiктер алып тасталсын; 5) мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6, 10-7, 10-8, 10-9, 10-10 және 10-11-баптармен толықтырылсын: "10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне қызмет өткеру, еңбегiне ақы төлеу, арнаулы атақтар беру, медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету, зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген әлеуметтiк қорғау жағдайлары мен кепiлдiктер қолданылады. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне осы Заңға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмейтiн деңгейде қолданылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi. 10-2-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және білім деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта білімi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен мерзiмдерi көзделетiн келісім-шарттар жасалады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен өзгертiледi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органының басшысы белгiлейдi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi. Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне партияларға, кәсiподақтарға мүше болуға, қандай да бip саяси партияларды қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады. 10-3-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы: 1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас; 2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу жас; 3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бec жас болып белгiленедi. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн. Қызметтiң ұзартылуы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. 10-4-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi: 1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту; 3) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану; 4) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы; 5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу; 6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi: 1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша; 2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша; 3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде; 4) штаттың қысқаруына байланысты; 5) өз еркi бойынша; 6) келісім-шарттың бұзылуына байланысты; 7) аттестаттау тәртібімен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша; 8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда; 9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда; 10) қызмет тәртібін үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады. 10-5-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi: қатардағы құрам: iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi; кiшi басшы құрам: iшкi қызметтiң кiшi сержанты; iшкi қызметтiң сержанты; iшкi қызметтiң аға сержанты; iшкi қызметтің старшинасы; iшкi қызметтiң прапорщигi; iшкi қызметтiң аға прапорщигi; орта басшы құрам: iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты; iшкi қызметтiң лейтенанты; iшкi қызметтiң аға лейтенанты; iшкi қызметтiң капитаны; аға басшы құрам: iшкi қызметтiң майоры; iшкi қызметтiң подполковнигi; iшкi қызметтiң полковнигi; жоғары басшы құрам: iшкi қызметтiң генерал-майоры. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру (одан айыру) тәртібі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады. 10-6-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн нысанды және арнаулы киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi. 10-7-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi. 10-8-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн; он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн; жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi. 10-9-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бiржолғы өтем төленедi. Бiржолғы өтемдi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға: 1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат; 2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат; 3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi. Егер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi. 10-10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтi қаржыландыру Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiн қаржыландыру - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, өрт-техникалық оқу орындарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 10-11-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекетiне шағымдану құқығы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |