|
|
|
Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы N 1206 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 ж. 29 ақпандағы N 326 қаулысымен бекiтiлген Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi 1. Шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберуге, оларға қатысты тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдарында оң емдеу нәтижесi алынбаған емдеудiң барлық қолдануға рұқсат етiлген әдiстерi пайдаланылған, ал шетелдiк медициналық ұйымдарда оларға Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа мамандандырылған медициналық әдiстер қолданылуы мүмкiн азаматтар жатады. 2. Қазақстан Республикасының, азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын және "Науқас адамдарды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi болып табылатын, уәкiлеттi орталық органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады. 3. Комиссия өз қызметiн, осы Ереже мен уәкiлеттi орган бекiткен, Республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ережеге сәйкес жүргiзедi. 4. Комиссия азаматтардың өтiнiштерiн мынадай құжаттардың: 1) аумақтық денсаулық сақтау органының шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеуге жiберу туралы өтiнiшiнiң; 2) мамандандырылған медициналық ұйымдардың қорытындысының; 3) негiзгi және қосымша ауруларды, диагностикалық зерттеулердiң нәтижелерiн, жүргiзiлген емдеу курсын көрсету арқылы ауру тарихынан егжей-тегжейлi көшiрменiң; 4) денсаулық сақтаудың жергiлiктi аумақтық органдарының бас бейiндiк мамандары қорытындысының негiзiнде қарайды. Егер жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса, комиссия құжаттарды қарауға қабылдамайды. 5. Комиссияға құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде екi данада ұсынылады. 6. Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негiзiнде комиссия республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң орындылығын құжаттар түскен күннен бастап 7 күннiң iшiнде анықтайды. 7. Комиссия өзiнiң шығарған шешiмi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабар бередi. Хабар мен комиссия қорытындысының үлгiлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 8. Комиссия оң шешiм қабылдаған жағдайда осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген медициналық құжаттар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiледi. 9. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi комиссия ұсынған құжаттарға сәйкес шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеудiң мүмкiндiгi, мерзiмдерi, құны туралы, азаматты шақырудан немесе оған қажеттi ем жасаудан бас тарту, сондай-ақ шетелдiк медициналық ұйымдардың банктiк деректемелерi туралы сұрау салады. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құжаттар түскен күннен бастап 30 күннiң iшiнде ақпараттар жинауды жүргiзедi. 10. Комиссия Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен алынған ақпараттарды емдеудiң құнын, мерзiмдерiн және мамандандырылған медициналық көмек көрсетудiң деңгейiн ескере отырып, шетелдiк медициналық ұйымды таңдау үшiн үш күннiң iшiнде қарайды және белгiленген үлгiдегi қорытындыны ресiмдейдi. 11. Уәкiлеттi орган комиссия қорытындысының негiзiнде науқасты шетелдiк медициналық ұйымда емдеуге қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсыныс енгiзедi. 12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар: 1) комиссияның қорытындысы; 2) шетелдiк медициналық ұйымның емдеудiң құны мен мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарының көшiрмелерi ұсынылады. 13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi уәкiлеттi органға ұсынылған құжаттардың негiзiнде науқасты шетелдiк медициналық ұйымда емдеу үшiн ақшалай қаражат бөледi. 14. Комиссия Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ақшалай қаражат бөлгеннен кейiн азаматқа үш жұмыс күнiнiң iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда емдеуге қабылданған шешiм туралы және заңдарда белгiленген тәртiппен шетелге шығуға рұқсатты ресiмдеу қажеттiгi түралы жазбаша хабарлайды. 15. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен оның облыстық, республикалық бағыныстағы қалалық органдары комиссия шешiмiне сәйкес заңдарда белгiленген тәртiппен өтiнiш берiлген күннен бастап 10 күннiң iшiнде науқас пен оны алып жүретiн адамның шетелге шығуына рұқсатты ресiмдейдi. 16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелге емделуге жiберiлген республика азаматтарының баруға және келуге арналған визалық құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетедi. 17. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлген ақшалай қаражатты конвертациялайды және оны шетелдiк медициналық ұйымға аударады. 18. Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе науқас шетелде емделу кезiнде қайтыс болған жағдайда, оларды алып жүрген адамдар немесе жақын туыстары комиссияға мынадай құжаттарды: 1) жүргiзiлген емдеудiң құнын растайтын құжаттарды; 2) шетелдiк медициналық ұйымның науқасты емдеудiң онан арғы тактикасы жөнiндегi ұсынымымен бiрге ауру тарихынан көшiрменi; 3) егер емделуге жол жүрудi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын болса, жол жүру құжаттарын ұсынады. Науқас қайтыс болған жағдайда, оны алып жүрген адам немесе жақын туыстары болмаған кезде, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жiбередi. 19. Комиссия осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды зерделегеннен кейiн шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлген емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |