|
|
|
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 7 маусым N 53-II Осы редакция 2004 жылғы 9 маусымдағы N 558-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - метрологиялық жұмыстардың нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігі мен өкілеттіктерін уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы; 2) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында негізгі деп танылған шама бірлігінің эталоны; 3) мемлекеттік метрологиялық қадағалау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөнінде жүзеге асыратын қызметі; 4) шама бiрлiгi - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берiлген белгіленген мөлшердiң физикалық шамасы; 5) өлшем бiрлiгi - нәтижелерi заңдастырылған шама бiрлiктерiнде көрсетiлген және өлшем қателiгi берiлген ықтималдықпен белгiленген шектегi өлшемнiң жай-күйi; 6) заңдық метрология - метрологияның стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi; 7) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегiмен тәжiрибелiк жолмен физикалық шама мәнiн табу; 8) өлшем құралдарын сынау - сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы; 9) өлшем құралын калибрлеу - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнiн және (немесе) мемлекеттiк метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегiмен алынған шама мәнi мен эталон арқылы анықталған шаманың тиiстi мәнi арасындағы ара қатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы; 10) өлшемдердi орындау әдiстемесi - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы; 11) өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау өлшемдердi орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу (растау); 12) метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет; 13) метрологиялық қызмет - қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған субъектiлер жиынтығы; 14) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар - мемлекеттiк стандарттар, белгiленген тәртiппен қолданылатын халықаралық (аймақтық) стандарттар, ережелер, нұсқаулар және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу талаптары мен тәртiбiн айқындайтын өзге де нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар; 15) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе оған уәкiлеттi басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы; 16) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнің тiзiлiмі - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектілердi, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тiркеудi есепке алу құжаты; 17) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; 18) шама бiрлiгiнiң эталоны - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бекiтiлген, мөлшерiн осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бiрлiгiн (шама бiрлiгiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы. 2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау; 2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету; 3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету; 4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету; 5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету. 5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару 1. Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады. 2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган: 1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және iске асырады; 2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) қолдануға рұқсат етiлген шама бiрлiктерiн белгiлейдi; 4) метрология саласында iргелi зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады; 5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасау, бекiту, сақтау және қолдану ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасы шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi; 6) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi; 7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды; 8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртiбiн белгiлейдi; 9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi; 10) мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады және өткізеді; 11) метрология жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады; 12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрларды кәсiби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады. 2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі 6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң құрылымы Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi құрылымына: 1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi; 2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары; 3) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды және оларды өткiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құжаттар кiредi. 7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi Шама бiрлiктерi, шама бірлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар және өлшемдердi орындау әдiстемелерi мен нормативтiк құжаттар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады. 8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы заңдарға сәйкес әзiрленедi. Қазақстан Республикасы аумағында мiндеттi түрде қолданылуға тиiстi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. 9-бап. Шама бiрлiктерi 1. Өлшемдер және салмақтар жөнiндегi бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. Халықаралық бiрлiк жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша қолдануға жiберiлуi мүмкiн. 2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн. 10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуге тиiс және оның қарауында болады. 11-бап. Өлшем құралдары Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс. Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататынын анықтау тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi 1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс. 2. Өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеу және аттестаттау, сондай-ақ өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау құқығына метрологиялық қызметті аккредиттеу тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 3-тарау. Метрологиялық қызмет 13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi: 1) мемлекеттiк метрологиялық қызметтен; 2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттiк қызметтерiнен; 3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен тұрады. 14-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қызмет Мемлекеттiк метрологиялық қызмет: 1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан; 2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауды, жетiлдiрудi, сақтауды және қолдануды, шама бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн беру жүйелерiн құруды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлейтiн мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықтан (орталықтардан); 3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақта өздерi туралы ережелермен белгiленген шекте өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер мен функцияларды орындайтын ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерiнен тұрады. 15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды және оның ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерiн, мемлекеттiк метрологиялық орталықты (орталықтарды), мемлекеттiк басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде қызметiн жүзеге асырады. 2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. 3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi. 4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттiк қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi. 16-бап. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi 1. Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады. Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады. 2. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. 4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу 17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту 1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттiк метрологиялық қадағалау қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекiтiлуге тиiс. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды және ол өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi. Өлшем құралдарының бекiтiлген түрiн стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiне енгiзедi. 2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдарын мемлекеттiк метрологиялық қызмет метрологиялық аттестаттаудан өткiзедi. 3. Өлшем құралдарына, олардың түрiн бекiту мақсатында және бекiтiлген түрге сәйкестiгiн анықтау үшiн сынақ өткiзудi мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық (орталықтар), стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өлшем құралдарын сынау орталықтары ретiнде тiркеген басқа да заңды тұлғалар жүргiзедi. 4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әр дананың қосымша пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының белгiленген түрiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы белгiсi қойылады. 5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және оның күшiн жою туралы шешiм стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады. 6. Түрiн бекiту мақсаттары үшiн сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, өткiзуге тыйым салынады. 18-бап. Өлшем құралдарын өндiру, салыстырып тексеру және жөндеу жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау Өлшем құралдарын өндiрудi, салыстырып тексерудi және жөндеудi, оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн өндiрудi жеке және заңды тұлғалар стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк қасиеттерiнiң орган беретiн тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады. 19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру 1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдаланылу және импорт бойынша әкелiну кезiнде салыстырылып тексерiледi. Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен тiркеген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады. 2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру тiзбесi мен мерзiмiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 3. Заңды тұлғалардың тiркелген метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы заңдар мен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi осындай тексерушiлер ретiнде аттестатталған жеке адамдар жүзеге асырады. Мұндай тексерушiлердi аттестаттау тәртiбiн стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 5. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады. 6. Шама бiрлiктерiндегi физикалық шама мәндерiн нормаланған дәлдiкпен бағаламай олардың өзгеруiн қадағалау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексерiлуге жатпайды. Мұндай техникалық құралдардың дұрыс жұмыс iстейтiндiгiн бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады. 20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу 1. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндiруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелiнгенде, пайдаланылу кезiнде, осы өлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi. Өлшем құралдарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді. Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгiмен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады. 2. Заңды тұлғалардың өлшем құралдарын калибрлеудi жүргiзетiн метрологиялық қызметтерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен тiркелуге тиiс. 3. Кәсiпорында метрологиялық қызмет болмаған жағдайда өлшем құралдары калибрлеуге мемлекеттiк метрологиялық қызметке немесе заңды тұлғалардың тiркелген метрологиялық қызметтерiне берiледi. 5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау 21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың мақсаты Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. 22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады: 1) шама бiрлiктерiнiң эталондары; 2) өлшем құралдары; 3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi; 4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi. 23-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы Осы Заңның 22-бабында аталған объектiлерге қатысты мемлекеттiк метрологиялық қадағалау нәтижелерi: 1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар; 2) өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтер сапасының нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестігiн сынау мен бақылау; 3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау; 4) еңбек жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау; 5) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар; 6) мемлекеттiк есеп операциялары; 7) бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардағы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерiн анықтауға байланысты операциялар; 8) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру; 9) геодезиялық және гидрометеорологиялық жұмыстар; 10) салық, банк, кеден және почта операциялары; 11) материалдық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну; 12) құрылыс салу; 13) мемлекеттiк басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар; 14) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу; 15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады. 24-бап. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi 1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау: 1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды; 2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды; 3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды. 2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың барлық түрлерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. 26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |