ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы «8» желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Салық резиденттілігін растауды алуға арналған өтінішті жасау Ережесі (102.02 Нысан) 1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға қосарланған салықты болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарттардың (бұдан әрі - халықаралық шарттар) ережелерiн шетелдік мемлекетте қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті - салық төлеушісінің резиденттілігін растайтын құжатты алуға арналған 102.02 нысаны бойынша салық резиденттілігін растауды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштердің ашып жазылуын талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысан міндетті тәртіпте толтырылуға жатады. 6. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде Өтініштің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - үш данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|