|
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы «8» желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы
1. Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоғамдық мүддеде қызметін жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетін пәтер (үй-жайлар) иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтынушы кооперативтерді қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақылар, грант, кіру және мүшелік жарналары, кондоминиум қатысушыларының жарналары, қайырымдылық көмегі, өтеусіз берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз негізде аударымдар мен қайырымдылықтар түріндегі кірістерді мәлімдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды: 1) осындай ретінде кірісті алу мақсаты жоқ; 2) қатысушылар арасында алынған таза кірісті немес мүлікті бөлмейді. 2. Декларация Декларацияның өзінен (130.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (130.01 - 130.27 нысандары) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|