ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік салық бойынша
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-бөліміне сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мемлекеттік мекемелер мен мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Салық кодексінің 177-бабына сәйкес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтік салықты есептеу және уақтылы төлеуге арналған Әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (600.00-нысан) және әлеуметтік салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (600.01 және 600.02 нысандар) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымшаның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” Декларацияның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша-салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|