|
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды қамтитын (бұдан әрі - нысандар) қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебін жасау тәртібін қарастырады: 1) 871.00 нысан бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебі (бұдан әрі - 871.00 нысаны бойынша есеп); 2) 871.01 нысан бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомалары есебіне қосымша (бұдан әрі - 871.01 нысаны бойынша қосымша). 2. 871.00 нысаны бойынша қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнің ағымдағы төлемдерінің жалпы сомасын айқындауға арналған. 871.01 нысан бойынша қосымша рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған. 3. Егер салық төлеуші арнайы табиғат пайдаланудың бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша 870.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. 7. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда 871.01 нысан бойынша есеп аталған қосымшаларсыз ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|