|
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандардан (бұдан әрі-нысандар) тұратын Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияны толтыру тәртібін көздейді: 1) 890.00 нысаны бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларация (бұдан әрі - 890.00 нысаны бойынша декларация); 2) 890.01 нысаны бойынша Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем жөніндегі декларацияға қосымша (бұдан әрі - 890.01 нысаны бойынша қосымша). 2. 890.00 нысаны бойынша декларация қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің жалпы сомаларын мәлімдеуге арналған. 890.01 нысаны бойынша қосымша қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнің сомаларын айқындауға арналған. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) тапсырысты хатпен қағаз тасығышта хабарламамен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|