ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлер үшін патент алуға өтініш жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген 912.00 нысан бойын Жеке кәсіпкерлер үшін патент алуға өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін көздейді. 2. Өтініш жеке кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуға арналған. 1) қағаз тасығышта - Өтініш қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Өтініш Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Оңайлатылған декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - Өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3)тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеуші Өтінішті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
7. “Жалпы ақпарат” бөлімінде: 1) 1-жолда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 2) 2-жолда жеке кәсіпкердің аты-жөні және егер де ол бар болса, фирмалық атауы көрсетіледі; 3) 3-жолда негізгі қызметтің ЭҚЖЖ (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) коды көрсетіледі; 4) 4-жолда валютаның тиісті коды көрсетіледі. 5) 5- жолда жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|