|
Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілеу туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кеме экипажының ең аз құрамы туралы талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж. Қошановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 21-І бұйрығымен бекітілген
Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптар
1. Осы Кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптар (бұдан әрі - Талаптар) мүшелерінің тиісті біліктілігі бар және құрамы кемені қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге, кеме бортында жұмыс уақыты және демалыс уақыты тәртібінің талаптарын орындауға жеткілікті өзі жүретін кеменің ең аз құрамының (бұдан әрі - ең аз құрам) санын белгілейді. 2. Талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өзі жүретін кемелерге таралады. 3. Экипаж саны осы Талаптардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ең аз құрам нормативінде белгіленгеннен кем болғанда кеме пайдаланылуға жіберілмейді. 4. Жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кемелік командаға қызмет көрсететін қызметкерлер ең аз құрамға кірмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|