Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1362 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары бекітілсiн. 2. «Орал қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 30 қыркүйектегi № 443 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 10 ақпандағы № 127 қаулысымен бекітілген
Орал қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мiндетi
Орал қаласының 2015 жылға дейiнгi есептi мерзiмге арналған және 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi болжамды Бас жоспары (тұжырымдама) қаланың тiршiлiк етуi мен тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғатты және мәдени мұраны сақтау мақсатындағы Орал қаласының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылады. Бас жоспар - қалалық инфрақұрылымның дамуы, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үйлердi қайта жасақтау және өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарды, туризм мен демалыс объектілерін дамыту, кешендi көркейту және қалалық ортаны эстетикалық ұйымдастыру, Орал қаласының әкiмшiлiк аудандары аумақтары мен басқа да аумақтық бірлiктерiн дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзiрлеу мен iске асыруға арналған алғашқы кезектегi және перспективалық бағдарламалар жасау және жүзеге асырудың негiзi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|