|
Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың Ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымшалар бекітілсін: 1) қой мен ешкінің секіртпе ауруын алдын алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже; 2) қой мен ешкінің контагиозды пустулалы дерматит ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже; 3) қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемия ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы Ветеринариялық ереже. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә. Қожамұратовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген
Қой мен ешкінің секіртпе ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды іске асырудың Ветеринариялық ережесі
Осы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде секіртпе ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды іске асырудың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|