|
Күзеннің инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілгендер бекітілсін: 1) күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді; 2) күзеннің вирустық энтеритін алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді. 2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 69 бұйрығымен бекітілген
Күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою бойынша Ветеринарлық ережесі
Осы күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Күзеннің Алеут ауруы - (вирустық плазмацитоз) созылмалы түрде өтетін аса жұғымтал ауру, плазматикалық торшалардың (плазмацитоз) көбейіп, организм бойына таралып, осының нәтижесінде иммуноглобулиндардың мөлшері жоғары дәрежеге көтеріліп, тез арада жануардың арықтауымен, ауыз-тұмсық қуысынан қан ағуымен, сонымен бірге сусауымен гломерулонефритпен және гепатитпен сипатталады. 2. Инфекция қоздырушысы - құрамында дезоксирибонуклеин қышқылы бар вирус, Parvovіrіdae тұқымдасына жатады. Виронның көлемі 20-25 нанометр. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|