|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 69 бұйрығымен бекітілген
Күзеннің вирустық энтеритін алдын-алу және жою
Күзеннің энтеритін алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Вирусты энтерит - (жұқпалы энтерит, Ферба - Уильям ауруы) жіті, жанасу арқылы өтетін, іш өту күйінде кездесетін ауру. Аурумен күзеннің барлық жасы қамтылған, көптеген жағдайда олардың күшіктері ауруға бейім. 2. Ауру және сауығып келе жатқан мал індет жұқтырудың көзі болып табылады, сонымен бірге, індет жұққан азық, су, төсеніш, пайдалану құралдары, кеміргіштер, жәндіктер, киім, аяқ киім, транспорт құралдары. Ауру жылдың барлық кезінде кездеседі. 3. Вирустық энтеритке балау клиникалық белгілері, патоморфологиялық және вирустік тексерулер, эпизоотикалық жағдай негізінде қойылады.
2. Вирустық энтеритке ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
4. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай шаралар жүргізіледі: вирустық энтеритке таза емес аймақтан күзен шаруашылығына азық, төсеніш, транспорттық құралдар әкелуге рұқсат берілмейді. Аурудан қолайсыз пункттерден күзенді күтетін қызметкерлерге, ауруға қолайсыз шаруашылық субъектісіне баруға тыйым салынады.
3. Вирустық энтеритке таза емес аймақтарда және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|