|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 146 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде: 6-тармақтың төртiншi абзацындағы "PMК "Қазақстан темір жолы"" деген сөздер "тасымалдаушы" деген сөзбен ауыстырылсын; 9-тармақтың 3) тармақшасында: "купе вагонының" деген сөздерден кейiн "(жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын; "рұқсатымен" деген сөзден кейін "жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (УВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты вагондарының тарифтері бойынша темір жол көлiгiмен және" деген сөздермен толықтырылысын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |