Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық
Осы қарастырылып отырған кезеңдегі сот практакасын зерделеу қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне байланысты қажет болып отыр. 2003 -жылдың 1 -мамырына дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде республика соттары 1995- жылғы 20 -шілдеде Қазақстан Республикасының Заңымен күшіне енгізілген «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының кодексін басшылыққа алған болатын. Қазіргі уақытта қолданылып отырған жаңа заң - Қазақстан Республикасының Кеден кодексі 2003 -жылдың 5 -сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген еді. Соған қарамастан оған бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Сонымен қатар, әкімшілік заңнама саласында бұған дейін 2001- жылдың 30- қаңтарында қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қолданылып келді. Осы уақытқа дейін Әкімшілік кодекске бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе де ол мазмұны жағынан жаңадан қабылданған Кеден кодексінен қалыс қалатын. Сөз жоқ, осы екі заң нормаларын қолданудағы қарама-қайшылықтар сот практикасына өз әсерін тигізді. Осы зерделеніп отырған уақытқа дейін барлығы 1812 іс, соның ішінде Әскерлердің әскери сотын және валюта заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтар туралы 3 азаматтық істі қоспағанда барлық аймақтардың соттарынан кеден заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1809 іс түсіп, зерделенді. Жасалған қорыту республика соттарының осы санаттағы істерді негізінен дұрыс қарайтынын көрсетті. Сонымен қатар, соттардың осы санаттағы істерді қарауы кезінде сот практикасын қолдануына едәуір ықпал ететін заң бұзушылықтарда кездеседі. ӘҚБтК-нің 32-бабы бойынша он алты жасқа толған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады деп белгіленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|