Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыпта және 1-тармақта: «немесе өзгертуге» деген сөздер алынып тасталсын; «тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)» деген сөздер «реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтілген Табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) бекітуге немесе өзгертуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесінде: тақырыпта: «немесе өзгертуге» деген сөздер алынып тасталсын; «тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын)» деген сөздер «реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның немесе белгіленген құзыретi шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу тәртібін белгілейді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|