|
|
|
“Ресми iзгiлiк көмек көрсетудiң кейбір мәселелерi туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жамбыл облысының әкіміне Беслан қаласындағы (Ресей Федерациясы) қайғылы оқиға құрбандарына мемориал орнату үшін қордай тасын (гранитiн) сатып алуға және жеткiзуге ресми iзгiлiк көмек көрсету ретiнде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервiнен 12906400 (он екi миллион тоғыз жүз алты мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн. 2. Жамбыл облысының әкімі осы қаулыға сәйкес бөлiнген қаражат есебiнен Ресей Федерациясының Солтүстiк Осетия - Алания Республикасына 340 текше метр қордай тасын (гранитiн) сатып алу және жөнелту жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. 3. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "Қордай-Taу" жауапкершілігi шектеулi серiктестігi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қордай тасын (гранитiн) берушi болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясы және Солтүстiк Осетия - Алания үкiметтерiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ресми iзгiлiк көмек көрсетуi туралы хабардар етсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |