ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген
Трихинеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережесі
Трихинеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Трихинеллез - адам және жануарлардың құрт (гельминтоз) ауруы бұл Trіchіnellіdae тұқымдасына, Trіchocephalata отрядына жататын Trіchіnella spіralіs нематодалардың көлденең жолақты бұлшық еттеріндегі және аш ішектегі тоғышарлығымен байланысты. Ішекте ірі трихинеллалар, ал бұлшық етте - олардың балапан құрттары орналасқан. 2. Трихинеллез көбіне шошқада, итте, қасқырда, түлкіде, аюда, мысықта, егеуқұйрықта және тышқандарда кездеседі. Бұған борсықтар, күзендер, бұлғындар, жабайы түлкілер, сасық күзендер, ақкістер, кірпілер, жабайы шошқалар, көртышқандар, сілеусіндер, барыстар және тағы басқа ет қоректілер жануарлар мен кемірушілер сезімтал. Трихинеллез итбалық, морж, кит сияқты теңіз сүтқоректілерінде де кездескені тіркелген. Осы гельминтоз (құрт) адам үшін өте қатерлі. 3. Трихинеллез қоздырғышы - ұсақ нематодалар. Аталығының ұзындығы 1,4-1,6 миллиметр, ені 0,03-0,04 миллиметр, денесінің артқы бөлігінде клоаканың артында екі аяғының арасында қос емізік орналасады. Аналықтар еркегінен екі есе ірі, тірі туады. 4. Жануарлар құрамында трихинелланың капсуламен қоршалған тірі балаң құрттары бар, залалсызданбаған трихинеллезді етті жеген кезде трихинеллезбен зақымданады.
2. Трихинеллездің ветеринариялы-санитарлы таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|